Среда, 30 сентября, 2026
20.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісім мен жастар тәрбиесіне үлес қосуда

Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын дамыту, қоғамдық бірлестіктердің белсенділігін арттыру және қоғамдық келісімді нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл ретте этномәдени бірлестіктер тек этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, жастар тәрбиесіне, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға да белсенді атсалысып келеді.

Осы бағыттағы игі шаралардың бірі Түркістан облысы Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Киелітас ауылдық округіне қарасты Сұлтанрабат елді мекеніндегі «Бірлік» ашық футбол алаңында 2015–2016 жылы туған жасөспірімдер арасында ардақты ұстаз, білікті жаттықтырушы Мұратбек Юнусовты еске алуға арналған дәстүрлі футбол турнирі өтті. Тағылымды спорттық шараны Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, жас футболшылардың шеберлігін шыңдау және қоғамға еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа таныту. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының өкілдері, жергілікті атқарушы орган басшылары, этномәдени бірлестік мүшелері, мәслихат депутаты, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл ақсақалдары, спорт ардагерлері және жастар қатысты.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген қатысушылар Мұратбек Юнусовтың ұстаздық және жаттықтырушылық қызметіне жоғары баға беріп, мұндай іс-шаралардың жастарды отансүйгіштікке, достыққа, ұйымшылдыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

Бүгінде этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлтаралық татулықты сақтауға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Олар мәдени-ағартушылық шаралармен қатар әлеуметтік, қайырымдылық, спорттық және жастарға арналған бастамаларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қоғамдағы өзара сенім мен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етуде.

Төлеби ауданында өткен бұл турнир – этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі белсенділігінің және азаматтық қоғамды дамытуға қосып отырған нақты үлесінің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және ортақ құндылықтарды дәріптеуге қызмет етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар