Шымкенттің индустриалды аймақтары – қала экономикасының негізгі қозғаушы күштері. Қала аумағында 1 276 гектарды құрайтын 7 өндірістік аймақ бар. Соңғы жылдары пайдалануға берілген «Жұлдыз» (306 га) және «Бозарық» (132 га) индустриалды аймақтары жаңа өндірістерге дайын алаңдар ұсынады. Инвесторлар толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, тәуекелі төмен ортада жұмыс істей алады.
Әрбір іске қосылған зауыт – қала экономикасын қалыптастыратын маңызды қадам. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, мамандықтардың көбеюіне, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді. Шымкентте индустриалды аймақтардағы жер телімдері ұзақ мерзімге жалға беріліп, коммуналдық қызметтер төмен тарифпен ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақ резиденттері үшін салық жеңілдіктері қарастырылған. Мұның бәрі инвестор үшін жобаны жылдам іске қосуға жағдай жасайды.
Шымкент инвесторларға қолайлы жағдай жасау арқылы индустриалды аймақтарды дамытып, жаңа өндірістердің сапалы іске қосылуына жол ашады. Индустриалды аймақтардың кеңеюі, инфрақұрылымның жетілдірілуі, кадр даярлау жүйесінің жақсаруы – Шымкенттің ұзақмерзімді стратегиялық бағытын көрсетеді. Экспортқа бағдарланған өндірістердің көбеюі, жаңа технологиялардың келуі, инвесторлармен ашық диалог қаланың әлеуетін толық аша бастады.
Алдағы жылдары жоспарланған жобалар жүзеге асса, Шымкент Орталық Азияның өндірістік және логистикалық хабына айналуға толық мүмкіндігі бар. Инвесторға сенім туғызу, ашықтық пен тиімділікті сақтау – қала дамуының басты кілті. Шымкенттің қазіргі тынысы – дәл осы сенімнің және жүйелі жұмыстың айғағы. Сонымен қатар, қала әкімдігі индустриалды аймақтарды дамытуда тұрақтылықты, сапаны және қоршаған ортаны қорғауды бірінші орынға қойып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруда.




