Воскресенье, 4 октября, 2026
27.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Абай ауданында инфрақұрылым толық жетілдірілуде

Kemelnews.kz Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімдеме жасады.

Әкімнің айтуынша, бүгінде Абай ауданы жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр. Аудан аумағында 27 елді мекен орналасқан, мұнда 257 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылыммен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары: тұрғындардың барлығы ауыз сумен және электр энергиясымен толық қамтылған. 2025 жылдың ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газға қосылып, аудан толықтай газ жүйесіне қол жеткізді. Бұл қадам халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жетістік болды.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Абай ауданында жалпы ұзындығы 1274 көше бар, оның ішінде 844 көше асфальтпен жабылған. Жыл соңына дейін барлық тас жолдар толық асфальтталуы көзделген. Бүгінгі күнге дейін 148 көше жөнделіп, жоспарланған жұмыстардың толық орындалуы нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетпек.

Әкім атап өткендей, бұл шаралар тек тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жаңарған инфрақұрылым аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға да жол ашпақ.

Қорытындысында, Абай ауданының инфрақұрылымдық дамуы қаладағы ең ірі әлеуметтік жобалардың бірі ретінде бағаланып, халықтың жайлы өмір сүруіне нақты жағдай жасап отыр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар