Среда, 30 сентября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН “COMPACT SIGMA” АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасындағы (Роща) Литотриптер «Compact Sigma» аппараты күрделі жөндеуден өтіп, толық қуаттылықта іске қосылды. Аталған медициналық құрылғының көмегімен дәрігерлер бүйректегі, зәр шығару жүйесіндегі кіші тастарды операциясыз алып тастайды.
🔷 Аппаратты іске қосуға қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, нәтижесінде медициналық техниканы жөндеу үшін «Қайырымды қала» қорынан қаржы бөлініп, құрылғының қосалқы бөлшектері сатып алынды.
🔷 Литотриптер «Compact Sigma» аппаратының көмегімен мамандар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына бүгіннен бастап медициналық қызмет көрсетуді бастады.
🔷 Ем-шара тастарды жарықшақтарға бөлу үшін дыбыстық немесе соққылық толқындарды қолдануға негізделген. Бұл жарықшақтар ағзадан несеп арқылы шығарылады. Емдеу дистанциялық соққылық-толқындық әдіспен жүргізіледі.
🔷 Мұндай қажеттілікке шамамен жылына 880-920 науқас жүгінеді, босанған әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі науқастарға да көмек беріледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар