Шымкент қаласында орналасқан «NURTAU Distribution Company» ЖШС – Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінде қарқынды даму үстіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.
2019 жылы пайдалануға берілген зауыт заманауи технологиялармен толық жабдықталған және бүгінгі таңда ішкі нарықпен қатар, шетелдік нарықтарға да өнім экспорттауда. Компания өнімдерінің қатарында шоколад, печенье, сағыз, чипс, сусындар және дәстүрлі науат түріндегі кондитерлік өнімдер бар. «MEXXI» және «DIAMOND» брендтері тұтынушылар арасында кеңінен танымал бола бастады.
«NURTAU Distribution Company» ЖШС еліміздің барлық өңірлеріндегі 4 000-нан астам сауда нүктелерін өніммен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, компания өнімдері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Татарстан елдеріне экспортталуда. Зауытта бүгінде 200-ге жуық қызметкер тұрақты еңбек етуде. «NURTAU Distribution Company» сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық өнімдер өндіру арқылы Шымкент қаласының ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының кондитерлік саласындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
Компания басшылығы алдағы жылдары өндіріс қуаттылығын арттыруды, жаңа технологиялық желілерді іске қосуды және өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, экологиялық таза және табиғи шикізатқа басымдық беріп, тұтынушылардың сұранысына сәйкес инновациялық өнімдер шығаруға көңіл бөлінуде. Бұл стратегия ішкі нарықтағы тұрақты сұранысты сақтаумен қатар, шетелдік тұтынушылар арасында қазақстандық брендтің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді. «NURTAU Distribution Company» өзінің сапаға, сенімділікке және тұрақты даму қағидаттарына адалдығы арқылы Қазақстан кондитерлік өнеркәсібінің көшбасшылары қатарында болуды мақсат тұтады.




