Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пробация қызметінің өкілдерімен бірлесіп Абай ауылының №65 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс – шараның негізгі мақсаты-кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ есірткіні қолданудың жағымсыз салдарын түсіндіру.

Кездесу барысында оқушыларға есірткінің адамның денсаулығы мен кейінгі өміріне зиянды әсері туралы айтылды.

Сонымен қатар LED-экранда пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың өмір тарихы көрсетілді. Нақты мысалдар оқушыларға ойланбаған әрекеттердің салдары туралы ойлауға және салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын түсінуге көмектесті. Полицейлер жасөспірімдерді денсаулығын сақтауға, теріс әсер етпеуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жастар-еліміздің болашағы. Болашақты есірткіден бірге қорғайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

#Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДОК

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар