Вторник, 6 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ПОЛЬШАНЫҢ «SELENA GROUP» ХОЛДИНГІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски мырзамен бірге құрғақ құрылыс қоспасын шығаратын зауыттың құрылыс кезеңі, инженерлік жұмыс көлемі және маман даярлау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, колледж студенттеріне арналған дәрістерді, оның ішінде тәжірибелік сабақ пен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. «Бұл жаңа зауыт үшін білікті кадр дайындауға, жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және студенттердің халықаралық тәжірибе алуына мүмкіндік береді» деді, қала басшысы.

Айта кететін жайт, инвестиция көлемі шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайтын жоба қала үшін елеулі пайда әкелмек. Жаңа өндіріс нарықтағы отандық материалдардың үлесін арттырып, құрылыс саласының дамуын нығайтады. Зауыт жылына 150 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады.

Сонымен бірге, құрылыс кезеңінде шамамен 50 уақытша жұмыс орны ашылса, зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Кездесуден соң қала әкімі инвесторларға өнеркәсіпті дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, жоба табысты жүзеге асуы үшін толық қолдау білдіретінін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар