Суббота, 3 октября, 2026
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қайнарбұлақ тұрғындарының газбен қамтылу мәселесі жүйелі түрде шешілуде

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесуі барысында Қайнарбұлақ саяжай алабының тұрғындары табиғи газға қосылу мәселесін көтерген болатын. Көпшілік үйлердің әлі күнге дейін газ жүйесіне қосылмағанын жеткізді.

Азаматтардың өтінішіне жедел әрекет еткен қала әкімі жауапты басқарма мен Абай ауданы әкімдігіне мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қайнарбұлақ саяжай алабында магистралды газ құбыры желісінің толықтай жүргізіліп, қажетті инфрақұрылымның дайын екені анықталды. Бүгінгі таңда 2300-ден астам тұрғын үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған азаматтар үшін де ішкі газ жүйесіне қосылуға толық мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, тұрғын үйлердің кейбірі қызыл сызық аумағында орналасуына байланысты техникалық құжаттарын (техникалық паспорттарын) рәсімдей алмай отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппараты тарапынан нақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, газға қосылу рәсімін жеңілдету үшін тұрғындарға арнайы 7-нысанды анықтама (форма-7) берілуі қамтамасыз етілуде. Аталған құжат табиғи газға қосылуға заңды негіз болып табылады.

Осылайша, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қайнарбұлақ тұрғындарының газбен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстар атқарылып, тұрғындарға барынша қолайлы және заңды тетіктер ұсынылып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, барлық көшелер мен үйлердің толық газ жүйесіне қосылуы қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде тұрмыстық жайлылықты арттырып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартады және тұрғындардың өмір сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар