Среда, 30 сентября, 2026
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды

​Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар