Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қазақстан мен Корея орман саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

​Сеулде өткен Орман шаруашылығы жөніндегі министрлік форум аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Шарбиев Корея орман қызметінің басшылығымен және Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) атқарушы директоры Пак Чонхомен кездесулер өткізді.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары — ормандарды қалпына келтіру, заманауи технологияларды енгізу, орман питомниктерін дамыту, көміртегі жобаларын іске асыру және халықаралық инвестициялар тарту.

🌱 AFoCO-мен кездесу қорытындысында орнықты орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум папкаларымен алмасу рәсімі өтті. Құжат аясында Қазақстандағы 100 мың гектардан астам орман қорғау белдеулері мен агроорман-мелиорациялық аумақтарды қамтитын көміртегі жобаларын пысықтау көзделген.

Сондай-ақ болашақ жобаларды Қазақстан ұсынған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасымен ұштастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

🤝 Кездесулердің басты мақсаты — халықаралық тәжірибе мен технологияларды тарта отырып, келіссөздерді Қазақстан аумағында жүзеге асатын нақты орман және көміртегі жобаларына айналдыру.​

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар