Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШАБАНДОЗДАР БӘЙГЕДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Шымкент қаласында ұлттық және ат спорты түрлерінің ашық біріншілігі өтті. Конкур спорты «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» және Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаттарының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Шараға ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының командалары қатысты. Жалпы, 4 деңгей бойынша бақ сынаған қатысушылардың сайысы 2 күнге созылды.
— Жарысты Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубына жүктелген. Жарыстың төрешілігін Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының бекіткен төрешілер алқасы жүргізді. Жарыс Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2023 жылға бекіткен конкур ережесіне сәйкес өткізілуде. Әр қатысушының аты-жөні,жарысқа қатысуға жарамдылығын растайтын және турнирге жіберілгені жөнінде дәрігердің рұқсат мөрі қойылған түпкілікті өтінімдерін көрсетуі қатаң бақылауда болды. Сондай-ақ, әр команда өкілі және төрешілері конкур ережесін толық білуі міндетті,-деді Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков.
Бабы бен бағы қатар шапқан Юлия Иванова мен Диана Волкова ересектер арасында бірінші болып келді. Жарыс жолында топ жарып мәреге бірінші болып жеткен шабандоздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар