Вторник, 6 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: 7 282 ЗЕЙНЕТКЕР ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкент қаласында зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» мекемесі шипажай қызметін көрсетеді. Бозарық шағынауданында орналасқан 120 орынды сауықтыру кешенінде зейнеткерлер 10 күн бойы 25 түрлі ем ала алады.

Мұнда демалушыларға барлық жағдай жасалған: күніне төрт мезгіл ыстық тамақ, таңертеңгі емдік дене шынықтыру, түрлі тренажерлар, құрылғылар, дәрігердің тағайындауына сәйкес электромагнитті терапия, сумен емдеу, дәрілік шөптер шайы.
Зейнеткерлерге жолдама беру geo-shym.kz сайты арқылы кезек тәртібімен беріледі. Қазір кезекте 29 мыңға жуық зейнеткер тіркелген.

Қала әкімінің бастамасы және мәслихаттың шешімі бойынша биыл 5 500 зейнеткерге шипажайға жолдама қарастырылған. 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, 4 982 жолдама еңбек ардагерлеріне табысталды.

Ал «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде биыл 2 332 зейнеткер ем-сауықтыру қызметін алды. Жалпы, қала бойынша 7 282 зейнеткер қамтылып отыр.

Айта кету керек, бұл сауықтыру бағдарламасы егде жастағы азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған әлеуметтік қолдаудың маңызды бөлігі болып табылады. Шипажай жағдайында зейнеткерлерге профилактикалық тексерулер жүргізіліп, әрбіріне жеке емдеу бағдарламасы жасалады. Емдік процедуралар тірек-қимыл жүйесі, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, демалушылар үшін мәдени-танымдық шаралар мен топтық белсенділіктер ұйымдастырылып, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасалады. Бұл бастама қарт адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуына, жалғыздықты азайтуға және жалпы өмір сапасын арттыруға зор мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта мұндай шипажай қызметтерін алу процесін жеңілдету және жобаны ауқымды түрде дамыту жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар