Среда, 30 сентября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкент: Еріктіліктің рөлі мен балалардың құқықтарын ілгерілетуге арналған шағын құрамда кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры – ЮНИСЕФ пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Еріктіліктің рөлі мен балалардың құқықтарын ілгерілетуге арналған» шағын құрамда кездесу өтті.

Кездесуге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл, қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айдын Кәрімов, білім беру және құқық қорғау саласының мамандары, сондай-ақ белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жастар арасында еріктілік қызметін дамыту, балалардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару және оны шешуге жастарды да қатыстыру.

Кездесуде осы бағытта сөз алғандар аталған мәселелерді іске асыруда қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілуін ұсынды. Өз кезегінде сөз алған қала әкімінің орынбасары А. Кәрімов ЮНИСЕФ ұйымының балалар мен жастардың құқығын қорғау бағытындағы маңызды рөлін атап өтіп, қалалық әкімдік тарапынан халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобаларға үнемі қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен бірге кездесуге қатысушы жастар да еріктілік қозғалысын кеңейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын сақтау бағытындағы ұсыныстарымен және идеяларымен бөлісті.

Ал ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл де «Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ мақсатымыз. Шымкенттегі бұл кездесу – сол жолдағы сенімді қадам», – деді.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы уақытта еріктілердің қатысуымен балалардың құқықтарын насихаттайтын іс-шаралар, оқыту тренингтері мен қоғамдық акциялар өткізуді жоспарлады. Сондай-ақ, жастар бастамаларын қолдау үшін бірлескен жұмыс тобы құрылып, нақты жобаларды іске асыру бойынша жол картасы әзірленетін болды. Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы басқосуларды тұрақты өткізуге ниетті екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар