Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ​Кәсіпкерлерге МӘМС жүйесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Шалхар Шеримов пен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бахытжан Абдуллаев бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Кездесуде медицина саласына қатысты өзекті мәселелер мен МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары кеңінен талқыланды. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді қызмет етуі және халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналар мен аударымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің жоғарғы шегі жаңартылмақ. Атап айтқанда, жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), қызметкерлер үшін – 20 ЕТЖ.

— Бұл шара МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, азаматтардың денсаулық сақтау шығындарын өтеудегі жауапкершілікті әділ әрі теңдей бөлу қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты МӘМС жүйесінің жылдық табысы шамамен 200 миллиард теңгеге ұлғайып, медициналық қызмет сапасын арттыруға қосымша қаржы бөлінетін болады, — деді ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Шалхар Шеримов.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мен денсаулық сақтау саласының өкілдері арасында ашық диалог орнап, тараптар жүйені жетілдіруге қатысты ұсыныстарын да ортаға салды.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар МӘМС жүйесінде цифрландыруды дамыту, деректердің ашықтығын қамтамасыз ету және төлемдер процесін жеңілдету мәселелерін қозғады. Кәсіпкерлер медициналық қызметтердің сапасын бақылау тетіктерін күшейту қажеттігін атап өтті. Жиын соңында қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты өткізу, бизнес пен медицина саласы арасындағы әріптестікті нығайту және ортақ мақсат — халық денсаулығын жақсарту жолында бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар