Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ ТУРНИРІНДЕ ТОП ЖАРҒАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Үшінші мегаполис Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровпен және грек-рим күресі бойынша әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, еліміздің түрлі турнирлерінің жеңімпазы Әлімхан Сыздықовпен кездесті. Айта кетейік, кездесу барысында әкім Ерсұлтан мен Әлімханды және олардың жаттықтырушыларын құттықтап, балуандардың жеңісі тек қала үшін ғана емес, жалпы республика үшін де үлкен жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Халықаралық турнирлердегі мұндай жеңістер жас спортшыларды жігерлендіріп, жоғары нәтижеге жетуге ынталандырады. Біз алдағы уақытта өз тарапымыздан спорт саласын дамытуға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз», — деді қала басшысы. Өз кезегінде спортшлылар алдағы уақытта әлі мегаполис жұртын жеңісті күндерімен қуантатынын жеткізді . Айта кету керек, қазақстандық балуандардың әлемдік аренадағы жетістігі үнемі спорт қауымдастығы мен жанкүйерлердің назарын аударып келеді. Олардың жеңісті өнер көрсетуі отандық спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығының айқын дәлелі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар