Суббота, 3 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкентте АХАТ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады


5 наурыз – Қазақстанда АХАТ қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай Шымкенттегі «Азаматтарға арналған үкімет» Филиалында жүйедегі қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Оларға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің, Мемлекеттік қызметтер комитетінің құрмет грамоталары мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасының алғыс хаттары табыс етілді..
«АХАТ қызметкерлерінің жұмысы – қоғам үшін аса маңызды. Мәселен, 2024 жылы 125 544 неке тіркеліп, 388 032 сәбиге туу туралы куәлік берілді. Ал жыл басынан бері 16 023 неке мен 56 629 туу тіркелді. Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қарамағына берілді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Бүгінде еліміздегі АХАТ жүйесінде 825 қызметкер еңбек етеді. Олар мемлекет үшін аса маңызды функция – адамның өміріндегі басты оқиғаларды, соның ішінде тууды, некені, бала асырап алуды және өзге де тіркеулерді қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар