Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласында Ұлттық валюта – теңге күніне орай шахматтан «KMF TENGE CHESS OPEN CUP 2024» турнирі ұйымдастырылды. Бұл жарыста 12 жасқа дейінгі және 16 жасқа дейінгі қатысушылар өз ара үздіктерін анықтады. Зияткерлік сайысты өткізудегі басты мақсат – өрендердің білім көкжиегін кеңейтіп, теріскейде аталған спорт түрін дамыту.
Шахмат – бірегей білім беру құралы. Сондықтан, көптеген елдердің мектеп бағдарламасына енгізілуі кездейсоқ емес. Шахматта ойнау математикалық қабілетті, логиканы, стратегиялық жоспарлау құру дағдыларын, төзімділікті, жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы турнирдің мақсаты – мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, жас дарындарға қолдау көрсету, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру,-дейді Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қаласындағы филиалының ұйымдастырушы-менеджері Сейтжамал Асатуллаұлы.
Айта кетейік, Спорттық іс-шара жылда дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұған дейінгі турнирлерде жеңімпаздар жалпы команда бойынша анықталса, ал биыл жекелей сында да мықтылар марапатталмақ. Жарыс соңында жүлделі орын иелерлеріне ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар