Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71%-ын қамтиды.

Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесін (ИКЖ) енгізу бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Бұл — көлік қозғалысын басқарудағы әлемдік тәжірибелерді біріктірген инновациялық шешім. Жүйе арқылы жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады. Сенсорлы құрылғылар: микротолқынды — жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтайды; инфрақызыл жылу сенсорлары — баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылау мүмкіндігін береді; радолокациялық — Темірлан тас жолы, Қонаев даңғылы сияқты магистрал көшелердің толық енін қамти алады. Жүйенің нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға, көлік қозғалысын автоматты түрде 24/7 бақылауға болады. Жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады. Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71%-ын қамтиды. Артықшылықтары: * ыңғайлы және қауіпсіз көлік қозғалысы * кептеліс пен апаттар санын азайту * қала тұрғындары үшін заманауи, жайлы инфрақұрылым.




