Воскресенье, 4 октября, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ИРАННЫҢ 3-ШІ САУДА-ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2025 жылғы 12–15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Халықаралық деңгейдегі бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Көрмеге инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 50-ден астам жетекші ирандық компаниялар қатысады. Олар өз өнімдері мен жаңа технологияларын ұсына отырып, қазақстандық кәсіпкерлермен іскерлік әріптестікті дамытуға ниетті.

Іс-шара барысында келушілерге түрлі өнімдер мен қызмет түрлері таныстырылады. Атап айтқанда, машинамен тоқылған кілемдер, азық-түлік өнімдері (тәттілер, сүт және құрғақ сүт өнімдері), тұрмыстық химия және гигиеналық тауарлар, полимерлі құбырлар мен құрылыс материалдары, болат және алюминий бұйымдары, жиһаз, тоқыма бұйымдары және тұрмыстық техника ұсынылады. Сонымен қатар логистика, транзит, мұнай-газ, энергетика және өндіріс салаларына арналған жаңа үлгідегі инженерлік жабдықтар мен инновациялық шешімдер көрсетіледі.

Көрме аясында іскерлік кездесулер, инвестициялық форумдар және B2B форматындағы келіссөздер өткізу жоспарланған. Бұл алаң отандық және ирандық кәсіпкерлерге өзара тиімді серіктестік орнатып, экспорттық бағыттағы жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар қатарында Иранның Сауда палатасы, «Нуре Тус» экспортты басқару орталығы және Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары бар. Ал Қазақстан тарапынан мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, көрме екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға және өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, бұл шара Шымкенттің іскерлік туризмін дамытуға және қаланың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етпек.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар