
Бүгінгі салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кетейік, жаңа техникалар қалалық әкімдіктің қолдауымен сатып алынған.
Мегаполис басшысы мұндай бастамалар азаматтық қорғау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етіп, құтқарушыларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне мемлекеттің назарын аударады.
Сондай — ақ, шара аясында төтеншеліктерге қала әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама шеңберінде жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
“ Біз алдағы уақытта да азаматтық қорғау жүйесін нығайтуды жалғастырамыз. Техникалық жарақтандыру да азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігін күнделікті күзететін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері де үнемі назарда “, — деді қала әкімі.
Құтқару бөлімшелеріне автоцистерналар, сорғы-жеңді автомобильдер, автокрандар, авариялық-құтқару автомобильдері және көбікті сөндіру техникасын қоса алғанда 40 дана заманауи техника берілді. Бұл материалдық-техникалық базаны едәуір нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында арнайы оқу-жаттығу алаңдарының жаңартылуы және жаңа тренажерлармен жабдықтау жұмыстары жүргізілмек. Жергілікті билік бұл шаралардың қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, тұрғындардың төтенше жағдайлар кезінде қорғаныс қабілетін күшейтуге және құтқарушылардың жұмыс сапасын жаңа деңгейге шығаруға септігін тигізетінін атап өтті. Ал пәтер алған қызметкерлер үшін бұл әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, олардың қызметке деген ынтасын арттыра түспек.




