Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.

Рейдтік жұмыстар Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде. Нәтижесінде, бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұлғаларға да заң шеңберінде шара қолданылды.

Шара аясында аулалар мен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығына ерекше мән берілуде.

Құзырлы органдар қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға және айналадағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері түсіндіру жұмыстарын да қатар жүргізіп, тұрғындарға экологиялық нормалар мен құқықтық талаптарды бұзудың салдары туралы ақпарат берді. Акция барысында мектеп оқушылары мен жастар ұйымдарының мүшелері де ерікті түрде қатысып, қала көшелерінде сенбіліктер ұйымдастырды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық парақшалар таратылып, әлеуметтік желілерде арнайы бейнероликтер жарияланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қаланың көркі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Алдағы уақытта «Таза Қала» акциясы тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың белсенді қатысуы үшін қосымша ынталандыру тетіктері енгізілмек.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар