Понедельник, 5 октября, 2026
9.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІРДІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан қызықты турнир ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және «Жаңа өмір» жобасы шеңберінде өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды қоғамға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сонымен қатар, бұл шара жастар арасында спорттық рухты дамытуға, командалық жұмысқа, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған маңызды платформа болып табылды.

Турнирге қаладағы бес ауданнан іріктелген 10 құрама команда қатысты. Ойын басталмас бұрын төрешілер командаларға ойын ережелерін түсіндіріп, әділ жеребе тарту рәсімін өткізді. Бұл рәсім спортшыларға ашықтық пен әділдік қағидаларын ұғындыруға бағытталды. Қарсыластар анықталған соң, алаңда тартысты ойын өрбіді. Әр команда жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салып, спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, бірлік пен ынтымақтың жоғары үлгісін көрсетті. Жастардың белсенділігі, ынтасы мен жанкүйерлердің қолдауы турнир атмосферасын ерекше көңілді әрі жігерлі етті.

Турнирдің жабылу салтанатында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Оспан және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс жеңімпаздарын марапаттады. Сондай-ақ, шараға қатысқан барлық командаларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Бұл турнир жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, спорт арқылы өз қабілеттерін көрсетуге және өмірлік қиындықтарды жеңуге мотивация берді. Сонымен қатар, шара қоғамдағы оң әлеуметтік өзгерістерді қолдау, жастар арасында достық пен сыйластықты қалыптастыруға және спорт мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды бастама болып саналады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар