Воскресенье, 4 октября, 2026
27.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында жол инфрақұрылымын дамыту мен қоғамдық көлік қызметін жетілдіру бағытында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстар қала халқының күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететіндіктен, ерекше маңызға ие.

2024 жылдың басынан бері қала аумағында 304 шақырымнан астам жолға асфальт төселді. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі көрсеткіштердің бірі. Жүргізілген жұмыстар аудан-ауданға бөлініп, жоспарлы түрде іске асырылды. Мәселен, Абай ауданында – 80,4 шақырым, Тұран ауданында – 60,7 шақырым, Әл-Фараби ауданында – 20,1 шақырым, Қаратау ауданында – 78,5 шақырым, ал Еңбекші ауданында – 64,3 шақырым жол жөндеуден өтті. Әсіресе шалғай елді мекендерді орталықпен байланыстыратын бағыттар ерекше назарға алынды. Бұл ауыл тұрғындары үшін қала орталығына қатынауды жеңілдетіп қана қоймай, жолаушылар тасымалы мен тауар айналымының артуына да ықпал етуде.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылы Шымкенттегі жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл – қаладағы көлік қозғалысының сапасын арттырып қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түсетін ұсыныстар мен өтініштер де ескеріліп отыр. Соның нәтижесінде жаңа №8 автобус бағыты іске қосылды. Аталған бағыт Тоғыс тұрғын алабын қамтып, Мұнайбарлаушылар көшесінен бастап «Көл» аялдамасына дейін қатынайды. Бұл жоба қазір пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Кестеге сәйкес жұмыс күндері 5 автобус, ал демалыс күндері 3 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс аралығы 28–45 минутты құрайды.

Жаңа бағыттың ашылуы Тоғыс тұрғындары үшін қала орталығына жетуді айтарлықтай жеңілдетіп, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттырды. Бұған дейін тұрғындар қалаға жету үшін ұзақ уақыт жұмсайтын болса, енді бұл мәселе біршама шешімін тапты.

Жол инфрақұрылымын дамыту мен қоғамдық көлікті жетілдіру – Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар қала халқының тұрмысын жақсартып, инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.

Толығырақ: YouTube Live
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар