Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады

Шымкент қаласында әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады.

Шымкент қаласында биыл 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып отыр. Бұл бастама ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №231 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 60 азамат білім беру ұйымдарында оқудан өтсе, тағы 160-ы тікелей жұмыс берушілердің базасында даярлықтан өтеді. Оқу барысында тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді: білім беру ұйымдарында – 43 574 теңге, жұмыс орындарында – 78 640 теңге. Ұсынылатын мамандықтар қатарында: стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші сияқты қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бар. Жаңа кәсіп меңгергісі келетіндер өздері тіркелген аудандық мансап орталығына барып, “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет. Осы мәртебеге ие болған азаматтар оқуға өтінім тапсыра алады. Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары: Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3; Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106; Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201; Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89; Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.

Сонымен бірге, қысқа мерзімді оқуды аяқтаған азаматтарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Бағдарлама түлектерін жұмыс берушілермен тікелей байланыстырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатыстыру жоспарланған. Әлеуметтік қорғау басқармасы бұл мүмкіндікті өз мамандығын өзгерткісі келетін немесе жаңа салада еңбек еткісі келетін азаматтар үшін тиімді мүмкіндік деп санайды. Оқуға қабылдау жыл соңына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар