▪️Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңірлерді экономикалық дамыту, инвесторларды тарту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров барлық аудан және қала әкімдіктеріне өңірде кемінде 5 өндірістік парк құруды тапсырды. Бұл бастама экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ұсынуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
▪️Аудан және қала әкімдіктері өндірістік парктер орналаспақ жер телімдерін ерекше қадағалаумен таңдауда. Елді мекендердің аумағынан инфрақұрылым тартуға қолайлы, логистикалық тұрғыдан тиімді, жол және көлік желілерімен ыңғайлы орналасқан аумақтар қарастырылып, әлеуетті кәсіпкерлерге ұсынылуда. Бұл өз кезегінде жаңа өндірістік жобаларды іске асыруды жеңілдетіп, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді.
▪️Аталған өндірістік парктерде өндірістік жобалар мен кіші қуатты өңдеу цехтары шоғырландырылатын болады. Бұл цехтар жергілікті кәсіпкерлерге өнім өндіруде жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, өңірдегі еңбек нарығын да нығайтады. Жобалар іске қосылған кезде тұрғындарға жаңа жұмыс орындары беріледі, бұл әсіресе жастар мен белсенді еңбек ресурстарына үлкен серпін береді.
▪️Қазіргі таңда Сауран ауданында кәсіпкерлердің есебінен 148 өндірістік жеке шағын өндірістік ғимараттар құрылуда. Бұл – өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына жасалып жатқан нақты қадамдардың бірі. Сонымен қатар, Түркістан және Арыс қалаларында, сондай-ақ Шардара, Ордабасы және Мақтаарал аудандарында өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары басталды. Қалған аудан және қалаларда бұл бастамалар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
▪️Өндірістік парктердің құрылуы тек өндірістің жаңа түрлерін енгізіп, экономиканы дамытуға ғана емес, сонымен қатар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылыққа да ықпал етеді. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға, әлеуметтік жағдайды көтеруге, жастар мен мамандарды өңірде қалдыруға мүмкіндік береді.
▪️Бұдан бөлек, өндірістік парктерде экологиялық талаптарға сай өндіріс жүргізіледі, яғни қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану сияқты аспектілерге ерекше мән берілетін болады. Бұл бастама тек экономикалық емес, сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан да маңызды.
▪️Жаңа өндірістік парктер өңірдің агроөнеркәсіптік және жеңіл өнеркәсіптік секторларын дамытуға серпін береді. Мұнда шағын өңдеу цехтары, азық-түлік өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару секілді жобалар шоғырланады. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының жалпы экономикалық көрсеткішін арттырып, инвесторларды тартуда тартымдылығын күшейтеді.
▪️Әкімдік пен жергілікті кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық жаңа өндірістік жобалардың тезірек іске асуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірістік парктерді дамыту арқылы облыстағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және өндіріс тиімділігін көтеру жоспарланып отыр.
▪️Осылайша, Түркістан облысында жаңа өндірістік парктердің құрылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша серпін береді. Жобалар іске қосылған соң, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік белсенділік артып, жергілікті тұрғындардың тұрмыс деңгейі жоғарылайтын болады. Бұл бастамалар экономиканың әртараптандырылуына, инвестициялық климатты жақсартуға және өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды қадамдар қатарында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі




