Келес ауданы, Абай ауылында өндірістік парк құруға арналған құрылыс жұмыстары өз деңгейінде басталды. Бұл жоба ауданның экономикалық дамуына серпін беру, жергілікті кәсіпкерлікті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру бағытында жүзеге асырылып отыр. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың айтуынша, өндірістік парк құру – ауданның индустриялық дамуына жаңа мүмкіндік болып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, инвестициялық климатты жақсарту және экономикалық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған стратегиялық бастама.
Бүгінгі таңда ЖК «Керуен» аукцион арқылы 2 гектар жер телімін сатып алып, жерді тегістеу және инфрақұрылымға дайындау жұмыстарын толық аяқтады. Сонымен қатар, жалпы 20 гектар жер телімін аукционға шығару бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Өндірістік ғимарат салуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 9 гектар жер телімінен 1 гектардан бөлініп, арнайы ұсынылмақ. Бұл жоба өңірде жаңа индустриялық аймақ қалыптастырып қана қоймай, аудан экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жергілікті бюджетке қосымша қаржылық түсімдер әкелуге бағытталған.
Өндірістік парк құрылысы аясында инженерлік инфрақұрылым, жол қатынастары, электр энергиясы, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері сияқты негізгі коммуникациялар да қарастырылған. Аудан басшылығының тапсырмасына сәйкес, әрбір кезеңнің сапалы және уақытылы орындалуын бақылау үшін арнайы жұмысшы топ құрылып, жобалық-сметалық құжаттар мен құрылыс нормаларына сай орындалуы қатаң қадағаланып отыр.
Аталған өндірістік парк құрылысын іске қосу нәтижесінде кәсіпкерлерге арналған жаңа өндірістік алаңдар пайда болып, заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндігі туады. Бұл өз кезегінде ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту, құрылыс және аграрлық секторға инвестиция тарту секілді салалардың дамуына септігін тигізеді. Ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, жастар мен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі шешімін табады, сондай-ақ, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Өндірістік парк жобасы – тек экономикалық көрсеткішті жақсарту ғана емес, сонымен бірге өңірдің экологиялық тұрақтылығын сақтауға, өндірістік стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға бағытталған. Аудан әкімдігі барлық кәсіпкерлерді жаңа өндіріс аймағына тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, қаржылай және әкімшілік тұрғыдан көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда жоба аясында инфрақұрылымды дамыту, жерді дайындау, ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толық жүргізілуде. Келес ауданында өндірістік парк құрылысының іске асуы ауданның өндірістік әлеуетін арттырумен қатар, аймақтың инвестициялық тартымдылығын күшейтіп, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырады.
Болашақта өндірістік парк іске қосылғаннан кейін, ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару және экспортқа шығару мүмкіндіктері кеңейеді. Ауданның әрбір кәсіпкері жаңа технологияларды енгізу арқылы өнім сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Сонымен қатар, өндірістік парк құрылыс жұмыстары жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және әлеуметтік жағдайды көтеруге зор үлес қосады.
Келес ауданында өндірістік парк құру – өңірдің индустриялық дамуын жеделдетіп, экономикалық тұрақтылықты нығайтып, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін стратегиялық жоба болып саналады. Жобаның барлық кезеңінде сапа мен қауіпсіздік нормалары қатаң сақталып, жергілікті әкімдік тарапынан тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі




