Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Түркістан облысы – тарихы терең, рухани құндылықтары қалыптасқан қасиетті мекен.

2026 жылдың 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында киелі Түркістан қаласында «Қазақстан халқына – 2026» V Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтеді.

«Адамға инвестиция: адами капиталды дамыту жолындағы қайырымдылық» тақырыбына арналған бұл ауқымды іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам делегаттар қатысады.

Конференцияның дәл Түркістан төрінде өтуі – қайырымдылық пен игі бастамалардың, адамға бағытталған құндылықтардың маңызын айқындайтын ерекше оқиға.

Іс-шара аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қазақстанда жүзеге асырылған қайырымдылық жобаларының нәтижелері таныстырылып, өңірлердегі әлеуметтік бастамалар мен табысты тәжірибелер көрсетіледі.

Сонымен қатар, өңір басшылығы мен Қор серіктестерімен кездесулер, мәдени-танымдық бағдарламалар және рухани бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қасиетті Түркістан – тарих пен тағылым тоғысқан мекен.
Бүгін бұл шаһар – ізгілік пен қайырымдылықтың, адам капиталына инвестиция салудың маңызды алаңына айналуда.

«Қазақстан халқына – 2026» V Ұлттық қайырымдылық конференциясы – адамға деген қамқорлықты, қоғамның бірлігін және жарқын болашаққа бағытталған игі істерді дәріптейтін маңызды қадам.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар