Воскресенье, 4 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз ету шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша күшейтіліп, мониторинг пен бақылау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Мақсат – бағаның негізсіз өсуін болдырмау, тұрғындардың күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету және экономикалық тұрақтылықты қолдау.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің тұрақтандыру қорында 22 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры құрылып, халыққа жеткізуге дайындалған. Бұл қор ішінде негізгі өнімдер: тұз, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, сары май, жұмыртқа, күріш, макарон өнімдері және әртүрлі көкөніс түрлері қамтылған. Әлеуметтік дүкендер жүйесі арқылы бұл өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен сатылып, тұрғындардың бюджетін қорғауға септігін тигізуде. Қазіргі таңда Түркістан облысында 39 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп, әрқайсысы халыққа қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, әр апта сайын облыс аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен жәрмеңкелер өткізіліп, өнімдер тікелей нарыққа жеткізіледі. Бұл тәсіл делдалдарды алып тастап, тұтынушыларға азық-түлік тауарларын нарықтық бағадан 20–30% төмен бағамен сатып алу мүмкіндігін береді. Жәрмеңкелердің тиімділігі – баға тұрақтылығын сақтау, сапалы өнімді халыққа жеткізу және өңірлік ауыл шаруашылығы секторын қолдау арқылы экономикалық өсуге серпін беру болып табылады.

Атап айтқанда, ет өндіретін шаруаларға арнайы қаржылай қолдау көрсету арқылы сиыр еті бағасы базарларда 2 600 теңгеден төмен емес деңгейде тұрақтандырылды. Бұл баға – республика бойынша ең қолжетімді деңгейлердің бірі болып саналады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы – тұз, күнбағыс майы, сиыр еті, сары май, қант, жұмыртқа және көкөніс өнімдері – еліміздегі ең төмен баға категориясына жатады.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасымен «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – сауда желілерінде бағаның өсуін тежеп, тұтынушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Акция шеңберінде қаладағы 14 супермаркетпен міндетті меморандумдарға қол қойылып, баға үстемесінің 10%-дан аспау шарты белгіленді. Мұндай шаралар халықтың әлеуметтік қорғанысын нығайтып, азық-түлік нарығында әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаладағы сауда желілеріндегі баға үстемесін бақылау мақсатында арнайы жұмысшы топтар тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Олар супермаркеттер мен сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қатаң қадағалап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге тырысады. Сонымен бірге, бақылау жұмыстарына облыстық экономика және қаржы басқармалары, тұтынушылар құқығын қорғау департаменті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары тартылған.

Бұдан бөлек, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар шеңберінде ауылдық округтерде де арнайы мониторинг жүргізіліп, бағалардың сәйкестігі мен азық-түліктің сапасы тексеріліп отыр. Ауылдық округ тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықты әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қолжетімділік, бағаның ашықтығы және сапа стандарттарын сақтау туралы хабардар ету шаралары ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың азық-түлікке деген сұранысын толық қанағаттандыруға, олардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған.

Түркістан облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бақылауды әрі қарай күшейтуді, әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңкелер жүйесін кеңейтуді, ауылдық округтерде бағаның тұрақтылығын қадағалауды тұрақты жүргізуді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта, бағаны тұрақтандыру мен өнімге қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары одан әрі жетілдіріліп, тұрғындардың күнделікті тұтыну қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар