Среда, 30 сентября, 2026
20.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Түркістан облысында азаматтық қоғам институттарын дамытуға басымдық берілуде

Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық татулықты сақтауға және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Түркістан облысында қоғамдық бірлестіктердің қызметін жетілдіру және олардың құқықтық мәртебесін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Осы бастамалардың бірі – Төлеби ауданында этномәдени бірлестіктердің құжаттарын толық мемлекеттік қайта тіркеу жұмыстары. Ленгер қаласында өткен кездесуде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжанов, аудандық түрік, өзбек және славян этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері қайта тіркеу рәсімдерінің құқықтық талаптарын талқылады.

Кездесу барысында ұйымдардың құрылтай құжаттары мен жарғыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қоғамдық бірлестіктердің ашықтығын, тиімділігін және мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастығын арттыратыны айтылды. Бұл олардың қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруына және өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуына жаңа мүмкіндік береді.

Этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуда, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауда, жастарды патриотизмге тәрбиелеуде және қоғамдағы өзара сыйластықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан олардың құқықтық тұрғыдан тұрақты әрі тиімді қызмет етуі азаматтық қоғамның дамуына тікелей ықпал етеді.

Бүгінде мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың әріптестігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық құрылтайда көтерілген қоғамдық диалог пен жауапты азаматтық қағидаттары өңірлерде нақты бастамалар арқылы жүзеге асып келеді. Төлеби ауданындағы қайта тіркеу жұмыстары да осы саясаттың маңызды көріністерінің бірі.

Түркістан облысында қоғамдық бірлестіктердің институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталған мұндай жұмыстар қоғамдық келісімді нығайтып, азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуына және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына өз үлесін қоса береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар