Вторник, 6 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР МЕН ӨНДІРІСТІК АЛАҢДАР АШЫЛЫП, ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚАҒИДАТТАРЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен өндірістік алаңдардың ашылуы өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беруде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Түркістан маңында отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салынып, 6 040 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның І кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба іске қосылды. 1 220 жұмыс орны құрылып, бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылды.

Өндірістік парк аумағында қазіргі таңда жиһаз, жаңбырлатып суғару жүйелері, сусын, мұздатқыш және құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар ашылды. Отандық өндірісті дамыту нәтижесінде 27 млрд. теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткізілді. Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиһаз, тұрмыстық химиялық бұйымдарды шығару жолға қойылып, экспорттық әлеуеті артпақ. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында энергия тиімділігін қамтамасыз етуге, энергия үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.

Шағын өндірістік алаңдарды дамытуға жергілікті кәсіпкерлер белсенді қатысуда. Түркістан облысының барлық аудан мен қалаларында, халық тығыз орналасқан ауыл округтерінде өндірістік алаңдар құрылып, кәсіпорындар мен зауыттар ашылуда. Мысалы, Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаң құрылып, 30 млрд. теңгеге 115 жобаны іске асыру жоспарланып, 1 124 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде.

Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар болатын «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салынуда. Инвестиция көлемі – 10,4 млрд. теңге. 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобалардың мультипликативтік әсерін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталып кетті.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 21 шағын өндірістік алаң құрылған. Негізгі бағыттар: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке өнімдері, химия өндірісі, жеңіл өнеркәсіп. Бүгінгі таңда 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде, келесі жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Жаңа өндіріс орындарының ашылуы тек экономикалық тиімділікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар энергия тиімділігі мен жасыл экономика қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Әсіресе өндірістік парктерде энергияны үнемдейтін құралдар, жаңартылатын энергия көздері (күн, жел, биомасса) қолданылып, өндіріс процесі экологиялық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Бұл шаралар өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қалдықтарды азайтуға және өндіріс барысында суды үнемдеуге бағытталған.

Сондай-ақ өндірістік алаңдарда өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу жобалары енгізілуде. Мысалы, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу және энергияны үнемдейтін жүйелер арқылы өндіріс процесін автоматтандыру көзделген. Бұл Қазақстандағы жасыл экономика қағидаттарын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

Түркістан облысы шағын өндірістік парктерді дамыту арқылы отандық өндірісті қолдап, импортқа тәуелділікті азайтуға, өңірлік экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және энергияны тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар бұл бағыт экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа өндірістік алаңдарда енгізілген заманауи технологиялар өңірдегі жасыл экономиканы дамытудың нақты үлгісі болуда.

Осылайша, Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен өндірістік алаңдардың ашылуы тек экономикалық дамуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігі, жасыл экономика, экология және су ресурстарын сақтау бағытында маңызды қадам болып отыр. Жобалар іске қосылған сайын облыс экономикасының тұрақтылығы артып, жаңа жұмыс орындары мен әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар