Түркістан облысының мәдениет басқармасы 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, театр саласы, концерттік ұйымдар, музей мен кітапхана саласы, тарихи-мәдени мұралар, сондай-ақ, тілдерді дамыту және ономастика бағыттары. Жыл басынан бері театр саласында 15 жаңа қойылым сахналанса, жалпы 245 спектакль қойылып, оған 35 000 көрермен тартылған. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін театрларда тағы 15 жаңа қойылымды көрермен назарына ұсыну жоспарлануда.
Басқарма басшысы театрлардың сапалық құрамын қайта қарап, жас мамандарды тарту бағытында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң өнер факультетінің студенттерін тұрақты түрде тәжірибеден өткізіп, үздік түлектерді өнер мекемелеріне жұмысқа қабылдау бойынша меморандум түзілген. Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Түркістан қалаларынан 2023 жылы 16 түлек, ал 2024 жылы 24 түлек театрға жұмысқа қабылдаған.
Ал, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың мәдени өмірге араласуына жол ашу, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыстық театрлардың гастрольдік сапарлары ұйымдастырылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТЕАТРЫ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕДСТАВИЛИ ЗРИТЕЛЯМ ОКОЛО 250 СПЕКТАКЛЕЙ
Управление культуры Туркестанской области работает по 6 направлениям. В частности, театральная сфера, концертные организации, музейно-библиотечная сфера, историко-культурное наследие, а также направления развития языков и ономастики. С начала года в театральной сфере поставлено 15 новых постановок, в общей сложности поставлено 245 спектаклей, в которых задействовано 35 000 зрителей. Кроме того, до конца года в театрах планируется представить еще 15 новых постановок.
Руководителем управления был пересмотрен качественный состав театров, заключен меморандум по привлечению молодых специалистов для постоянной практики студентов факультета искусств МКТУ им.Х.А.Ясави города Туркестан, по приему лучших выпускников на работу в учреждения искусства. В 2023 году приняли на работу 16 выпускников из Алматы, Астаны, Шымкента, Караганды и Туркестана, а в 2024 году — 24 выпускника.
В целях содействия вовлечению жителей отдаленных населенных пунктов в культурную жизнь, эффективного использования свободного времени организуются гастрольные поездки областных театров.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области




