Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шеберден — брендке. Өңірден — ұлттық өнімге. Түркістаннан — әлемдік нарыққа» қағидатын негізге алған жәрмеңке дәстүрлі қолөнерді заманауи дизайнмен және авторлық шығармашылықпен тоғыстыратын халықаралық алаңға айналады;
Іс-шараның басты мақсаты — Қазақстан шеберлерінің ұлттық мұрасын дәріптеу, жергілікті өндірушілер мен шығармашылық кәсіпкерлерді қолдау және отандық өнімдерді халықаралық аудиторияға таныту;
Жәрмеңкеге 10 елден 100-150 қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Венгрия және Малайзия елдерінің шеберлері мен брендтері бар;
Өтетін күні: Қолөнершілер орталығы
Уақыты: 10:00 — 19:00




