Пятница, 2 октября, 2026
17.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Үш жасар Әмірге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында үш жасар Әмірмен кездесу өтті. Ол LRT-мен алғашқы сапары туралы әлеуметтік желілерде кең таралған бейнероликтің кейіпкері ретінде көпшілікке танылған болатын.

Бейнероликте Әмірдің LRT оны Қазақстан Республикасының Президентімен кездесуге апарады деген шынайы сенімі мен балаға тән аңғалдығы қазақстандықтардың ерекше ықыласына бөленді. Оның риясыз көңілі мен шынайы эмоциясы қоғам тарапынан жылы қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Әмірге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай тағылымды оқиғалар жас ұрпақтың арманына қанат бітіріп, жақсылыққа деген сенімді нығайта түседі. Балалардың шынайылығы мен мейірімі қоғамдағы ізгі құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Кездесу барысында Әмірге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және барлық арман-мақсаттарының орындалуы тілінді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар