Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС

Президент Жолдауы: бизнес пен заңнаманы жетілдіру – басты міндет

деп хабарлайды Kemelnews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, жаңа тапсырмалар берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнаманы жүйелеу және шағын бизнесті дамытуға қатысты нақты ұсыныстарын айтты.

«Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келеді. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн. Жасанды интеллект технологиясы мұны жылдам әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісі бар. Алайда олардың алты пайызы ғана өнім өндіреді. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Сол себепті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылатыны белгілі болды. Орталық заңнаманы ретке келтірумен, түсінікті әрі тиімді ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

«Заңды күрделендіре бермеу қажет. Қайта оны кәсіпкерлердің қажетіне қарай бейімдеп, министрлер мен әкімдердің нақты нәтиже үшін жеке жауапкершілігін күшейткен жөн. Мемлекеттік органдар бизнес өкілдеріне ескерту жасаудың орнына, әлі күнге дейін тым қатаң әкімшілік шешімдер қабылдайды деген мәлімет маған да жетіп жатады. Мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайды», – деді Қ. Тоқаев.

Осы мәселеге орай қоғам белсендісі, журналист Зәуре Оралбаева да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Жолдауда айтылған бастамалар бизнеске еркіндік беріп, заңнаманы жеңілдету арқылы кәсіпкерліктің дамуына тың серпін береді. «Кәсіпкерлердің табысты болуы – елдің экономикалық тұрақтылығының кепілі. Сондықтан Президенттің бұл ұсыныстары уақытылы әрі өте орынды шешім», – деді ол.

Қорытындысында Жолдау бизнес пен заңнаманы жетілдіруді басты басымдыққа шығарып, кәсіпкерлікті қолдау мен әділ орта қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар