Среда, 30 сентября, 2026
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: 9 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқушылар жайлы мектепке жайғасты. Биыл замануи талаптарға сай жабдықталған 2 «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Тағы 9 білім ошағының құрысылы желтоқсан айына дейін аяқталмақ         дейді мамандар. Ал, келесі жылдың соңына дейін мұндай санаттағы мектептер санын 18-ге жеткізу көзделген. Айта кетейік, Жоспар толығымен орындалса, 28 мың бала тәлім алатын болады. Соның бірі — Нұршуақ шағын ауданында орналасқан №140–шы жалпы орта білім беретін жайлы мектеп. Республика мерекесі қарсаңында техникалық ашылу рәсімі өтіп, екінші тоқсаннан бастап шәкірт қабылдай бастаған нысан 2 мың оқушыға лайықталған. Қазір мұнда мыңнан аса бала білім алып жүр. Заманауи үлгіде жабдықталып, оқушыға қажеттінің барлығы қарастырылған мектепте ерекше күтімді қажет ететін балаларға да арнайы кабинеттер мен лифт қызметі іске қарастырылған. STEM зертханалар, робототехника сыныптары да ұйымдастырылған. Оқушылар мен оқытушылар ауысу тәртібімен жақын маңдағы мектептерден келген.  Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек, жеке блокта сабақ оқиды. Ол үшін арнайы 80 сынып қарастырылған. Әрбірінде 2 спорт зал бар. 444 орынға лайықталған акт залы мен 440 орындық асхана жұмыс істейді. Оқушылар қауіпсіздігін қадағалау мақсатында нысан аумағына 192 бейнебақылау камералары орнатылған. Жауапты басқарма «құрылыс сапасы жоғары, жарамдылық мерзімі кепілдендірілген» дейді. Құрылыс жұмыстарынан ақау табылған жағдайда, мердігер компания 5 жылға дейін түзету жұмыстарын жүргізуге міндетті.  Құрылысты қаржыландыру Ұлттық қордың есебінен жүргізіледі. 2023 жылы 33,5 млрд теңге бөлінсе, биыл 53,7 млрд теңге қарастырылған. Ал, Нұршуақ шағын ауданында орналасқан аталған мектеп құрылысына 10,8 млрд теңге жұмсалған. Құрылыс басқармасының өкілдері мектеп ішін аралап, жұмыстар легін бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырып, есеп берді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар