Воскресенье, 4 октября, 2026
27.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

Абай ауданында инфрақұрылым жаңарып, тұрғындардың тұрмыс сапасы артып келеді

деп хабарлайды Kemelnews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай ауданында тұрғындардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. Бұған дейін, яғни 2024 жылға дейін аудан көшелерінің тек 15 пайызы ғана жарықтандырылған болса, 2025 жылы жағдай түбегейлі өзгерді. Бүгінде 954 көше жарықпен қамтылып отыр. Жыл соңына дейін барлық көшелерге жарық шамдары орнатылып, аудан толықтай жарықтандыру жүйесіне қосылады. Бұл – қала әкімінің тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан маңызды бастамалардың бірі.

Жылу маусымына дайындық жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан аумағындағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы қысқы кезеңге әзір. «ҚуатжылуОрталық» мекемесі арқылы орталық жылу жүйесіне қосылған үйлерде толық сығымдау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйымның жылу жүйелері де қысқы маусымға сақадай сай. Бұл тұрғындардың әлеуметтік нысандарда да қолайлы жағдайға ие болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, аудан тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында аулаларды абаттандыру, арықтардың жиектерін қоршау, көпірлер салу, аяқжолдарды ретке келтіру секілді жұмыстар қарқын алды. Мұндай шаралар тек тұрмыстық жағдайды жақсартумен шектелмей, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға да бағытталған.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Қорытындысында, атқарылып жатқан жобалар аудан инфрақұрылымын кешенді түрде жаңартып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қосып жатқаны атап өтілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар