Кентау қаласында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық шарасы өткізілді.
Іс-шараға шаһар тұрғындары, оның ішінде ата-аналар мен балалардың қатысты. Аталмыш жоба “Қалдықсыз әлем” халықаралық күніне орай қоршаған ортаны қорғау мақсатында “Бір пакет қоқыс – бір балмұздақ” деген атаумен ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар қоқыс жинауға белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Әрбір жиналған қоқыс пакеті үшін балаларға ынталандыру ретінде балмұздақ таратылды.
Игі бастамаға жалпы 500-ге жуық азамат белсене қатысқан. Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты тазалық пен тәртіп мәселелеріне тартуға бағытталған.




