Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған «Елтану» жобасы аясында Түркістан облысының Жетісай ауданында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Атап айтқанда, Жаңа ауыл ауылдық округіндегі №22 Қ.А.Яссауий атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қоғамға интеграциялануы» тақырыбында фокус-топтық зерттеу және ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдегі этносаралық ахуалды зерделеу, түрлі этнос өкілдері арасындағы қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ этнос өкілдерінің қоғамдық ортаға бейімделу және интеграциялану деңгейін саралау болды. Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету тетіктері және азаматтық қоғам институттарының рөлі жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің көмекшісі Ә.Қосқұнтұлы, №22 Қ.А.Яссауий атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Б.Сәулебаев, ауыл ақсақалдары, белсенді жастар, мұғалімдер, этнос өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы этносаралық қатынастардың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бейбітшілік пен қоғамдық келісім саясатының ел дамуындағы рөліне тоқталып, этностар арасындағы достық пен татулықтың мемлекеттің басты құндылықтарының бірі екендігін айтты. Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігі кеңінен сөз болды.
Жиында сөз алған Х.Исақов этносаралық келісім – Қазақстанның стратегиялық артықшылықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде түрлі этнос өкілдерінің құқықтары мен бостандықтары заңмен қорғалған және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы кездесулер тұрғындардың пікірін тыңдап, өңірдегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар кездесуде этнос өкілдерінің қоғамға интеграциялануы, мемлекеттік тілді меңгеру, жастар тәрбиесі, ұлттық мәдени құндылықтарды сақтау және қоғамдық белсенділікті арттыру мәселелері қозғалды. Қатысушылар қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау үшін бірлескен іс-шаралардың маңызы зор екенін айтып, жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау қажеттігін жеткізді.
Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің көмекшісі Ә.Қосқұнтұлы өз сөзінде ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі әрдайым басты назарда екенін айтты. Оның пікірінше, ел ішіндегі тұрақтылық пен келісім – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан ауыл тұрғындары арасында түсіндіру және насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу маңызды.
Ал мектеп директоры Б.Сәулебаев білім беру ұйымдарының жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталды. Ол мектеп қабырғасында оқушыларды достыққа, толеранттылыққа, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу бағытында түрлі мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті. Сонымен бірге оқушылар арасында мемлекеттік тілді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ел бірлігін насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізілетінін айтты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен этнос өкілдері де өз пікірлерін білдірді. Олар қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған мұндай кездесулердің маңызы зор екенін айтып, қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықты сақтау баршаның ортақ міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, ауылдағы мәдени іс-шараларды көбейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
Фокус-топтық зерттеу барысында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, өңірдегі этносаралық ахуалға қатысты пікірлер мен ұсыныстар жинақталды. Зерттеу нәтижелері алдағы уақытта этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарды жетілдіруге, халықпен байланыс орнату тетіктерін дамытуға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.
Бүгінде Қазақстан әлемге этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің үлгісін көрсетіп отырған мемлекеттердің бірі саналады. Түрлі этнос пен ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Осы орайда өңірлерде ұйымдастырылып жатқан ақпараттық-насихаттық кездесулер қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың өзара сенімін арттыруға және мемлекеттік саясатты түсіндіруге үлкен ықпал етеді.
Жетісай ауданында өткен бұл кездесу де қоғамдағы келісім мен бірлікті сақтау жолындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Жиын барысында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстар өңірдегі этносаралық ахуалды одан әрі жақсартуға, азаматтық қоғам институттарының жұмысын дамытуға және тұрғындар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталмақ.
Қоғамдық келісім мен этносаралық татулық – ел тәуелсіздігінің берік тірегі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, халық бірлігін нығайтуға қызмет ете бермек.




