Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Түркістан облысында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Шара барысында Кентау қалалық полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану орнында жұмыс жасап жүрген жасөспірімді анықтады.Аталған дерек бойынша кәмелетке толмағанды заңнама талаптарын бұза отырып жұмысқа тартқан кафе иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.

Бұдан бөлек Кентау қалалық полиция бөліміне профилактикалық есепте тұратын 16 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде болған 6 кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар жастар көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың суық қару алып жүру деректерін анықтау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар