Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіндегі ауыз су мәселесіне байланысты БАҚ өкілдерімен брифнг өткізді. Жиынға өңір белсенділері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Брифинг барысында аудан әкімі «П-32» ұңғымасын алдағы уақытта пайдалану мәселесіне тоқталып, «Рауан» ЖШС-мен медиация тәртібімен келісімге келу мәселесі қарастырылатындығы айтылды.
Сонымен қатар, кездесуде «Рауан» ЖШС тарапынан жіберілген заңбұзушылықтар жан-жақты баяндалып, кәсіпорынның «Instagram» әлеуметтік парақшасында жарияланған бейнеүндеуде келтірілген мәліметтерге қатысты ресми жауап берілді. Сондай-ақ, аудан әкімі ауыл тұрғындары тарапынан берілген сауалдар бойынша толық ақпаратпен хабардар етті.




