Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы өз нәтижесін беріп келеді. Бүгінде алкоголь өнімдері сатылмайтын ауылдардың саны жыл сайын артып, тұрғындар салауатты өмір салтын таңдауда. Бұл бастама қоғамдық тәртіптің нығаюына, отбасы құндылықтарының артуына және жастардың жарқын болашағына оң әсер етуде.
Ауылдың дамуы – тұрғындардың саналы таңдауы мен ауызбіршілігінің жемісі. Береке мен бірлік салтанат құрған елді мекендер өзгелерге үлгі болып, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруда.
#ІшімдіксізАуыл




