Пятница, 2 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ішімдіксіз ауыл – саналы қоғамның жарқын үлгісі!

Елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы игі бастамалар өз жалғасын табуда. Соның бірі – ауылдық елді мекендерде алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту тәжірибесі.

Ішімдіксіз ауылдардың қатарының артуы – тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілігінің, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Мұндай шешімдер құқық бұзушылықтардың азаюына, отбасылық құндылықтардың сақталуына және жастар арасында салауатты өмір салтының кеңінен насихатталуына оң ықпал етеді.

Бүгінде бірлік пен парасатты таңдаған ауыл тұрғындары өзгелерге үлгі болып, қоғамда жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда. Ішімдіксіз ауыл – тыныштықтың, татулықтың және берекелі өмірдің кепілі.

Бұл бастама тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар