«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу және сол департаменттің аға кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті.
Басқосу барысында тараптар Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы, саяси ұйымдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы және партиялардың сайлау барысына қатысу мәселелерін талқылады.
Кездесуде Aманат партиясының «Әділет» партиясына қосылу барысы талқыланды. ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері аталған үдерісті іске асырудың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілеріне қызығушылық танытты. Жиынға қатысушылар демократиялық институттарды одан әрі дамыту жолында ашық диалог пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, 2026 жылғы 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар «Aманат» партиясының «Әділет» партиясына қосылуын бірауыздан қолдаған еді.
•
В партии «Әділет» состоялась встреча с представителями БДИПЧ ОБСЕ
Члены Бюро Политического совета партии «Әділет» Рауан Кенжеханулы и Гульзира Атабаева провели встречу с заместителем директора Департамента по выборам БДИПЧ ОБСЕ Ульви Ахундлу и старшим советником Департамента по выборам БДИПЧ ОБСЕ Еленой Ковалевой.
В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития партийной системы Казахстана, взаимодействия политических партий с гражданским обществом, а также участия политических партий в электоральных процессах.
Отдельной темой обсуждения стал процесс присоединения к партии «Әділет» партии Aманат. Представители БДИПЧ ОБСЕ проявили интерес к организационным и правовым аспектам его реализации. Участники встречи подчеркнули важность открытого диалога и обмена опытом для дальнейшего развития демократических институтов.
Напомним, 14 июня 2026 года делегаты II Съезда партии «Әділет» единогласно проголосовали за присоединение партии Aманат.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет




