Пятница, 2 октября, 2026
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«Ішімдіксіз ауыл» акциясы аясында

Бірлік ауылдық округі аумағында «Ішімдіксіз ауыл» акциясын өткізу мақсатында әкімдік мамандары мен ауылдық полиция учаскелік инспекторы бірлесіп, сауда орындары мен азық-түлік дүкендерін аралады.
Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысандарының иелеріне алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол бермеу, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді сатудың жауапкершілігі және қоғамдық тәртіпті сақтау талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сатуға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, олардың қатаң сақталуы қажеттігі ескертілді.
Акцияның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар