Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Үйдегі өндірістен цехқа дейін: 5 млн теңгелік грант кәсіпке жаңа серпін берді

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Дымовар» отбасылық бизнесі жаңа деңгейге көтерілді. Ет деликатестерін үй жағдайында өндіруден бастаған кәсіпкер Алена Ахтямова «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Грант қаражатына өндірістік цех жалданып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда, түтіндету камерасы, вакуумды маринатор және слайсер алынды. Бұл өнім түрлерін кеңейтіп, алғашқы фирмалық дүкенді ашуға мүмкіндік берді.

Бүгінде «Дымовар» шұжық өнімдерін, ысталған тағамдарды, еттің алты түрінен жасалған бұқтырманы, паштет, ысталған құйрық майы мен жартылай фабрикаттар шығарады. Өндірістің кеңеюі биыл бес жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды бөлігі – оқыту. Мамандар заңнама талаптары мен ет өндірісінің ерекшеліктерін түсінуге көмектескен.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар