2026 жылғы 1 қазанда Қазығұрт ауданында толассыз жауған нөсер жаңбыр, жауын шашынның салдарынан бірқатар аумақты су басу жағдайлары орын алды.
Төтенше жағдай тіркелген сәттен бастап жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және тиісті сала өкілдері жедел түрде әрекет етіп, оқиға орындарында тиісті жұмыстарды ұйымдастырды.
Қазіргі таңда нөсер жауын өткен аумақтарда оның салдарын жою, лай-батпақтан тазарту, су басқан жерлерді ретке келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға 12 арнайы техника мен 200-ден астам адам жұмылдырылған. Мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп, зардап шеккен аумақтарда тазарту және қалпына келтіру шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.
Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирау жағдайлары тіркелген жоқ.
Қазіргі басты міндет – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи апат салдарын барынша азайту және зардап шеккен аумақтарда қалыпты жағдайды қалпына келтіру.




