Понедельник, 5 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ СТУДЕНТТІК ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Бүгін, 5 қазанда, ІV Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі әлемі студенттік театр фестивалінің шымылдығы түрілді. Өнер мерекесі 5–8 қазан аралығында жалғасады.

Фестиваль аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өнер, медиа және дизайн факультеті Орындаушылық өнер кафедрасының 6В02123 – «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының студенттері жазушы Мадина Омарованың «Chanel № 5» қойылымын жоғары деңгейде сахналады. Қойылым ҚР Халық әртісі, профессор Райымбек Сейтметов атындағы сахнада көрермен назарына ұсынылды. Қойылымның қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Мақсат Айтжанұлы. Жас өнерпаздарды кәсіби тұрғыдан дайындап, қойылымның жоғары деңгейде сахналануына үлес қосқан режиссерге алғысымызды білдіреміз!
Халықаралық фестивальге Қазақстан Республикасының үш жоғары оқу орнының, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің студенттері, жетекші оқытушылары мен профессорлары қатысуда.
Фестивальдің алғашқы қойылымына университет ректоры Жанар Амангелдіқызы қатысып, жас өнерпаздарға қолдау білдірді.
Түркі әлемінің талантты жастарын бір сахнада тоғыстырған фестиваль қатысушыларына шығармашылық табыс, жарқын қойылымдар мен сәттілік тілейміз!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар