Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

МӘМС: ШЫМКЕНТ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА АСА КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

«Шымкент жүрек орталығында» 28 жастағы науқасқа аса күрделі операция жасалды. Туа біткен жүрек ақауы асқынған пациентке бұған дейін бірнеше рет ота жасалғанымен, жүрек қақпақшалары толыққанды қызмет атқара алмай, аортасы кеңейіп кеткен.

Кардиохирургтар заманауи медициналық технологияларды, соның ішінде жасанды қан айналымы әдісін қолдана отырып, жүрек қақпақшасы мен аортаны алмастыру операциясын орындады. Бұл жоғары технологиялы медициналық көмек орталықтың 25 жылдығына арналған халықаралық конгресс аясында жүзеге асырылды.

«Бұл ота науқастың өмірі үшін өте маңызды әрі күрделі болды. Заманауи технологияларды қолдану арқылы біз жүрек қақпақшасы мен аортасын сәтті алмастырдық. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалды», – деді Шымкент жүрек орталығының кардиохирургы Данияр Булешов.

Айта кетейік, ота тікелей эфирде көрсетіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген мамандарға жоғары технологиялы кардиохирургияның заманауи шешімдері таныстырылды. Бұл тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейін халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік берді.

Пациент операциядан кейін дәрігерлерге алғысын білдіріп, өз өмірін сақтап қалған ақ халатты абзал жандарға ризашылығын жеткізді. Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері мұндай оталардың елімізде кеңінен қолжетімді болуына үлес қосып келеді.

Қорытындысында аталған ота – қазақстандық кардиохирургияның жоғары деңгейін көрсеткен маңызды жетістік болып, медициналық саланың дамуына тың серпін берді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар