Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкент зейнеткерлері қарттар күніне орай 3 АЕК көлемінде төлем алады

Қазанның 1-і — Қарттар күніне орай Шымкент қаласының зейнеткерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл төлем қаладағы 70 жастан асқан барлық тұрғындарға беріледі және оның мөлшері үш айлық есептік көрсеткішті құрайды — шамамен 12 мың теңге.

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек хабарлады. Оның айтуынша, мереке қарсаңында бұл — жалғыз ғана қолдау шарасы емес.

«80 жастан асқан жалғызбасты қарт адамдарға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш — 7 867 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ өткен жылдан бастап Шымкент қаласында әкім шешімімен 70 жастан асқан барлық тұрғындар қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады. Бұдан бөлек, баспа басылымдарына жазылуға да көмек көрсетіледі — бұл әлеуметтік қолдау түрі жылына екі рет беріледі», — деді Сәрсен Құранбек.

Шымкентте 99 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1482 тыл еңбеккері бар. Жыл сайын шамамен 7 мың зейнеткерге қала әкімдігі санаторийлерге тегін жолдама береді.

Әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша:

«Зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында «Ізетті ардагер» мекемесі бір мезетте 120 адамды қабылдай алады. Мұнда қысқа мерзімді ем алу үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар қалада төрт «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жұмыс істейді. Онда қарттар ән айтып, би билеп, теннис ойнап, уақыттарын тиімді өткізе алады».

Қарттарға қолдау көрсету — тек әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер беру ғана емес, бұл — бүгінгі күннің негізін қалаған аға буынға деген құрмет пен алғыс белгісі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар