Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТЫҢ ЕҢБЕК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен Еңбек күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – еңбек адамын ұлықтап, оның қоғам дамуына қосқан үлесі мен жасампаз күшіне деген құрметтің айқын белгісі.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл – терең мағынасы бар, символдық мәнге ие шешім. Өйткені біз күн сайынғы еңбегімен қаламыздың көркеюіне үлес қосып, тәртіп пен жайлылық қалыптастырып, инфрақұрылымды дамытып, экономика мен әлеуметтік саланы нығайтып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетеміз.
Жұмысшы мамандықтары қашанда елдің тұрақтылығы мен ертеңгі күнге деген сенімнің берік тұғыры болып қала береді. Осы күні табандылық пен жауапкершіліктің, адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп жүрген барша азаматты ардақтаймыз.
Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, қуаныш пен шаттық сыйласын! Отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке тілеймін. Қазақстанымыздың гүлденуі жолында жаңа кәсіби жетістіктер мен биік белестерге жете беріңіздер!
———————-
Уважаемые жители!
От всей души поздравляю вас с Днём труда! Этот праздник олицетворяет уважение к человеку труда, его созидательной силе и огромному вкладу в развитие общества.
2025 год объявлен Годом рабочих профессий — и это более чем символично. Сегодня мы отдаем должное тем, кто своим повседневным трудом создаёт комфорт и порядок, развивает инфраструктуру, укрепляет экономику и социальную сферу.
Рабочие профессии всегда были и остаются прочным фундаментом стабильности и уверенности в завтрашнем дне. В этот день мы чествуем всех, кто своим упорством, ответственностью и преданностью делу двигает страну вперёд.
Пусть ваш труд приносит удовлетворение и заслуженное признание, а в ваших семьях царят здоровье, благополучие и согласие. Желаю новых профессиональных успехов и свершений во благо процветания нашего Казахстана!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар